“ҚазАзот“ аумағында бірнеше адам жарақат алды

“ҚазАзот“ аумағында бірнеше адам жарақат алды
Фото: Lada.kz

"ҚазАзот" АҚ зауыт аумағында төтенше қызметтердің арнайы техникасы пайда болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Lada.kz мәліметінше, кәсіпорында жазатайым оқиға болып, бірнеше адам зардап шеккен. "ҚазАзот" АҚ хабарлауынша, оқиға зауыт аумағында болған, салдарынан бірнеше қызметкер жарақат алған.

"Бұл - біз үшін аса ауыр жағдай. Зардап шеккендер мен олардың жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз және қолдау білдіреміз. Оқиғаның алғашқы сәтінен бастап компания барлық мүмкін көмекті көрсетті. Біздің бастамамызбен емдеуге еліміздің бас реаниматологы мен термиялық күйік бойынша маман тартылды. Барлық медициналық шығынды кәсіпорын толықтай өз мойнына алды. Біз дәрігерлермен және зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыстамыз. Олардың тезірек сауығып, жұмысқа оралуы үшін қажет барлық жағдай жасаймыз", – деп мәлімдеді компанияда.

Компания оқиға туралы мемлекеттік бақылау органдарына дереу хабарлаған. Қазір ресми тергеу жүріп жатыр.

"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 189-бабына сәйкес, комиссия төрағасының келісімінсіз куәгерлерден жауап алу немесе бір уақытты кез келген басқа тергеулер жүргізуге қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбайды. Компания уәкілетті органдарға толық көмек көрсетіп, заңнама аясында әрекет етуде", - деп атап өтті "ҚазАзот" АҚ.

Тергеу нәтижелері мен одан арғы шаралар туралы кейінірек қосымша хабарланатыны айтылды.

Айта кетейік, "ҚазАзот" АҚ кәсіпорнында нақты қандай төтенше жағдай болғаны әзірге хабарланған жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget