- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “ҚазАвтоЖолдың“ бұрынғы төрағасы...
“ҚазАвтоЖолдың“ бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Есіл өзені арқылы көпір салумен "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.
Тергеу нұсқасы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты.
Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина