"ҚазАвтоЖол" кей жолдарда көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады

"ҚазАвтоЖол" кей жолдарда көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады
Фото: Тұрар Қазанғапов

"ҚазАвтоЖол" көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 шілдеде күнгі сағат 18:00-ден бастап 16 шілде сағат 08:00-ге дейін (14 сағат) Р-10 айналма жолында (Ақмола өңірі) көлік қозғалысы толық шектеледі. Мердігер ұйым жол жабының жоғарғы қабатын орнату жұмыстарын жүргізеді.

Балама жол ретінде Ы. Алтынсарин ауылы арқылы өтетін жолды (96 разъезд) қолдануға болады. Сонымен қатар, қалаішілік жолдар арқылы қатынауға болады: С.Мұқанов (мамандандырылған ХҚКО) - Баршын көшесі - Н.Тілендиев көшесі - Көктал көшесі - М. Дулатов көшесі - А. Герцен көшесі - Малахов көшесі - Сусамыр көшесі - 30-көше-Өндіріс көшесі.
 
Ведомство өкілдері жүргізушілерден жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұрады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина