“ҚазАвтоЖол“ жүргізушілерге ескерту жасады

“ҚазАвтоЖол“ жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Абай облысында 4 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, көктайғақ күтіліп отыр. 5 қарашада қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады", - деп хабарлады Ұлттық компания.

Ведомствоның мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 5 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

"ҚазАвтоЖол" тұрғындардан жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұрады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget