Желіде аптапта далада бауырсақ пісіргендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видеодағы адамның айтуынша, аптап болғаны соншалық - қазанды жерге қойып, бауырсақ пісіріп жатыр екен.
"Күн деген 60 градус ыстық. Анам қазанын жерге қойып, тоқаш пісіріп жатыр. Қып-қызыл тоқаш пісіріп жатыр", - дейді видеодағы әйел.
Желідегі видеоға түрлі пікір жазылған, көбі бұл мүмкін емесін жазған:
"Ондай емес шығар енді. Бауырсақ пісу үшін де 100 градуста май қызу керек қой", "Майды отқа қыздырып әбден, сосын шетке алып істеген түрлері ғой", "Жұмыртқа пісірсе болады енді", "Отынға үнем болған екен", "Жұмыртқа пісуі мумкін, бауырсақ емес", - деді пікір жазғандар.