Қазгидромет 1, 2, 3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1-3 қазанда атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр, қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Сонымен қатар, жел күшейеді.
Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6 градусқа дейін, күндіз +3…+8 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25 градустан +5…+15 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде ауа температурасы +13…+23 градус, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25 градус, таулы жерлерде +10…+15 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова