Қазанда қай мамандарға жоғары жалақы ұсынылды?

Қазанда қай мамандарға жоғары жалақы ұсынылды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазанда Қазақстанда ең жоғары жалақы кімге ұсынылды? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазанда жоғары жалақы кімге ұсынылды?

  • бас құрылысшыларға (орта есеппен 679 мың теңге),
  • техникалық мамандарға (шамамен 565 мың теңге) және
  • ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерге (шамамен 554 мың теңге).

Бұл ретте инвестициялық жобалар жөніндегі директор (орта есеппен 2 миллион теңгеден бастап), өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (шамамен 1,8 миллион теңге) және комбайншы (1,2 миллион теңге) лауазымына үміткер ең жоғары жалақыны сұраған. 

"Қазанда Электрондық еңбек биржасында 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды. Қыркүйекпен салыстырғанда іздеу және жалдау белсенділігі төмендеді: бос жұмыс орындарының саны 9 пайызға (13 мың), ал түйіндеме 13 пайызға (16,5 мың) азайды. Белсенділіктің төмендеуі білім беру саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуіне байланысты, оқу орындарында кадрларды даярлаудың аяқталуына байланысты болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Қыркүйекте қай мамандыққа сұраныс артты?

Алайда қыркүйек айында жылыту маусымына көшу кезеңінде жылу және қазандық жабдықтарына қызмет көрсету мен оларды пайдалануға қатысты қызметкерлерге сұраныстың артуы байқалды.

Қай өңірде маман тапшы? 

Өңірлер бөлінісінде ең белсенді білікті кадрларды Қарағанды облысынан (9,5 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8 пайыз), сондай-ақ Алматы қаласынан (9,3 мың немесе 7,5 пайыз), Батыс Қазақстан облысынан (9,2 мың немесе 7,5 пайыз) және Астана қаласынан (8,1 мың немесе 7 пайыз) жұмыс берушілер іздеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы IT-мамандарының орташа жалақысы айтылған еді. 

"2023 жылы IT-мамандарының орташа айлық жалақысы 588 мың теңге болды, бір жыл бұрынғыдан 35 пайызға артық, бұл - білікті кадрларға және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларына деген жоғары сұраныс көрінісі", - деді Жаслан Мәдиев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек