Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше пайда болды

Қазан қаласының мэриясы Эсперанто көшесінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrwinews.kz порталы ProKazan.ru.

Еске сала кетейік, Қазан қаласындағы көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы бастаманы Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы көтерді. Сол уақытта Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбеков Қазан мэрі Ильсур Метшинге Қазан қаласындағы көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімін берудің ағайынды республикалардың байланысының кеңеюіне және тереңдеуіне сеп болатынын атап, хат жолдаған еді. 

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, нақтырақ айтсақ, мекен-жай тақтайшасының ауыстырылуы жүзеге асу үстінде. "Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбековтың Қазан қаласындағы көшеге Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы өтінішін қарау кезінде Қазан қалалық муниципалды білім беру топонимикалық комиссиясының кеңесін есепке ала отырып, Вахитов және Приволжск аудандарының аймағындағы Эсперанто көшесіне мекен-жай номерлерін сақтай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды", - делінген қаланың атқару комитетінің баспасөз хабарламасында.