Қазан айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер қазан айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы құрғақ және шуақты болады.

Елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болады; оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!