Қазан айындағы мереке күндері қазақстандықтар қалай демалады?

Қазақстандықтар 25 қазанда Республика күнін атап өтеді. Жалпы елде қазанда 9 демалыс күні болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республика күні жұмаға сәйкес келіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасында – 25, 26, 27 қазан демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде 25 қазан жұмыс күні демалып, 26 қазан жұмыс күні. 27 қазан қайта демалады. Ел тұрғындары 2024 жылдың қазан айында 9 күн демалады.  

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;
5 қазан – Мұғалімдер күні;
6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;
16 қазан – Нан күні;
19 қазан – Құтқарушылар күні;
20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
24 қазан – Кітапханашылар күні;
27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;
29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!