Қазақстанда қазан айында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің мәліметінше, айдың ортасы жылы болады.
Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде жаңбырдың арты қарға айналады, ал оңтүстікте жауын жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Сонымен қатар, солтүстікте ауа температурасы төмендейді. 4-6 қазан аралығында түнгі ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5-12 градус жылы болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы 2-10 градусқа құбылып тұрады, күндіз 22 градусқа дейін жылынады. Онкүндіктің соңында батыс пен оңтүстікте түнде 9-16, күндіз 20-26 градус жылы болады, ал қалған аймақтарда түнде 3-8, күндіз 13-20 градус жылы болады деген болжам бар.
"Алдын ала болжам бойынша, Орталық Азиядан келетін жылы ауа массаларына байланысты айдың ортасында күн ашық әрі жылы болады. Ол күндері еліміздің басым бөлігінде күндіз 15-23 градус, оңтүстік пен оңтүстік-батыста 20-28 градус жылы болып, тек шығыста айдың ортасында салқындайды деп күтіліп отыр, күндіз ауа температурасы 16-21 градус болады", - деді метеорологтар.
Үшінші онкүндікте нағыз күзгі ауа райы орнайды, солтүстік, орталық және шығыста түнгі ауа температурасы 2-7, кей жерлерде 12 градусқа дейін суық болады. Оңтүстікте түнгі ауа температура 0-8 градусқа (+) құбылып тұрады.
Синоптиктердің мәлімдеуінше, екінші және үшінші онкүндікке жасалған алдын ала болжамдардың өзгеруі әбден мүмкін.
Дереккөз: tengrinews