- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақтың ұлттық киімі...
Қазақтың ұлттық киімі Ереван фестивалінде көрсетілді
Армяндардың ұлттық киімі – «Таразға» арналған шара Армения астанасында өтті. Yerevan Taraz Fest 2018 ұлттық киім мен мәдениет фестиваліне Қазақстаннан да қатысушылар аттанған.
Шара барысында Ереван тұрғындары мен қонақтарына жергілікті дизайнерлер ұсынған армян дәстүрлі костюмдерінен бөлек сол елде тұратын орыс, украин, поляк, неміс секілді өзге де ұлт өкілдерінің ұлттық костюмдері де көрсетілді. Армениядағы Қазақстан елшілігінің павильонында ілінген қазақтың дәстүрлі киімдері фестивальдің көркін аша түсті. Бұл фестивальге қатысу – Қазақстан елшілігі үшін игі дәстүрге айналғанын айта кету керек.
Іс-шара қонақтары ұлттық киімді тамашалап қана қоймай, киіп көру және онымен естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Ал жекелеген павильондарда ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Фестиваль ұйымдастырушылары концерт өткізіп, соның аясында армян дизайнерлерінің заманауи жұмыстары көрсетілді. Бас сахнада қазақтың ұлттық киімдері де көрермен ықыласынан тыс қалмады.
А. Қажиев