- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақтың тойларына шығамын"....
"Қазақтың тойларына шығамын". Кәріс әншісі Сон Вон Саб эксклюзив сұхбат берді
Қазақ әндерін кәріс тілінде шырқап, желі қолданушыларын тәнті етіп жүрген Сон Вон Саб Song Wonsub Massaget.kz ақпараттық порталына келіп, тілшіміздің қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанға концертпен келдім
"Мен өткен жылы саяхаттау үшін қыркүйек айында келдім. Ол кезде тек Алматы қаласында жүрдім. Шымбұлақта болдым, жалпы маған табиғаты өте қатты ұнады. Менің өзімнің youtube парақшам бар сол жерде өзімнің алғашқы әсеріммен бөлісіп видео түсірген болатынмын" дейді әнші.
Сон Вон Саб (Song Wonsub) айтуынша, Корея мемлекетінде танымал адам болу өте қиын. Сондай-ақ, әншінің ол елде тыңдармандары аз екен.
"Кореяда танымал болу өте қиын. Мен қазақша әндерді, корей тіліне аударып айтуыма негізі себеп болған ол менің оқырмандарым. Мені оқитындардың көбі шетел азаматтары. Маған қазақ әуендерінің сілтемелерін жіберіп, осылай корей тілінде орындап көрсең деп ұсыныс тастады. Менің өзімнің аудармашым бар, сол кісі аударып береді сосын мен өзімнің дауысыма, Корей халқының менталитетіне сай әрлеп орындап шығамын", - дейді Сон Ван.
Қазақтардың ұлттық тағамдарын жақсы көремін
"Мен Сеулде тұрамын. Сол жерде өзбек мейрамханасы бар. Ішінде тек өзбек емес сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамдары бар. Алғаш жылқының етін сол кезде жегенмін. Бауырсақ, басқа да қазақтың ұлттық тағамдары өзіме қатты ұнайды" дейді.
Қазақстанға ән айтуға келдім
"Қазақстан бойынша тур жасауға келдім. Алдағы күндері Ақтау, Павлодар, Астана тб қалаларда өнер көрсетемін. Менің қолдап, көмектесіп жүрген ол менің менеджерім. Тағы бір жағдай осындағы мен орындап жүрген әндердің негізгі орындаушылары яғни Мирас Жүгінісов, Қобыланды Болат сынды әншілермен дуэт жазуды жоспарлап отырмыз"
Тойға шақырса келемін
"Мен қазақтардың тойын көріп қатты таңқалдым. Үлкен дәрежедегі фестиваль секілді дүркіреп өтеді екен. Өте таң қалдым шыны керек, себебі бізде Кореяда той олай өтпейді. Тып-тыныш өтеді. Қонақтар келеді, құттықтап, тілегін айтып кетеді. Мен қазақтардың той тойлауын көріп таңқалдым. Егер тойға шақырсаңыздар міндетті түрде келемін. Ол үшін менің менеджеріммен сөйлесесіздер. Бірақ гонарарым қымбат болады" дейді.
Сұбаттан тыс: Менің жасым 36-да, үйленбегенмін, бірақ көңіл қосып жүрген қызым бар. Ол Сеулде тұрады, мен Қазақстандағы тур кешімді аяқтаған соң, елге қайтамын бірақ той болса, міндетті түрде хабарласыңыздар мен келемін (күліп).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы