Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кон Хи Астанадағы гала-концерт басталар алдында екі ел президенттеріне театрда көрсетілген қазақ тазысына үлкен қызығушылық танытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған фотолардан президент Юн Сок Ельдің әйелі фойеде отыра қалып, иттерді қалай еркелетіп сипалап жатқанын көруге болады. Юн Сок Ельдің өзі де итттерді сипаған.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға ұлттық тазы тұқымының күшіктерін сыйлаған болатын. Қазір бұл иттер Елисей сарайында тұрады.
Ким Кон Хи мен Юн Сок Ель 2012 жылы 11 наурызда үйленді, ол кезде олар 40 және 52 жаста болатын. Ерлі-зайыптының баласы жоқ, бірақ олардың төрт иті мен үш мысығы бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!