Әнші Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына сүйінші жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өзінің тағы да жүкті екенін айтып, отбасымен бірге түскен фотосуреттерін жариялады.
"Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. "Ерке Сотуар-дың" тілегі бірінші өзіме жұғысты болды ғой. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін", - деп жазды әнші.
Еске салайық, былтыр қарашада әнші Raim мен Ерке Есмахан ұлды болған еді. Кейінірек олар баласына қандай есім таңдағанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!