Қоғамдық орындарда діни киімдерді (никаб) киюге тыйым салуды көздейтін заңды қазақтың мүддесі үшін қабылдауға мүдделіміз. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Күзде аталған заң жобасы Парламентке кіруі керек. Негізі заң жобасы дайын. Құжат мемлекеттік органдарға келісімге жіберілді. Себебі кейбір заңның баптары мен позициясы бір-біріне және басқа заңдарға қайшы келмеуі керек. Сондықтан құжатты мемлекеттік органдар қарап жатыр. Біз осыған бастамашылық жасап отырмыз. Заңды қазақтың мүддесі тұрғысынан қабылдауға мүдделіміз", - деді Ермұрат Бапи Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.
Сондай-ақ депутат Айдос Сарым діни киімнің артында белгілі бір топтар тұрғанын атап өтті, заң жобасын сүзгіден өткізу керек деп санайды.
"Мәжілістің жанында қоғамдық палатада заңды талқылап, ой сүзгісінен өткізу керек. Бізге қара киім қауіпті (никаб) емес, бізге өзіміздің діни, мәдени, дәстүрден туындаған құндылықтар қажет. Мәселе киімнің түсі мен түрінде емес. Мұндағы мәселе (қара киімнің) артында тұрған идея мен наным-сенім қауіпті", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!