- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақтың қызы сыңсу...
"Қазақтың қызы сыңсу айтпаған". Тамара Асар күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал әнші Тамара Асар қазақ қыздарының сыңсу айтпағанын алға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты. Өнер иесінің айтуынша, сыңсу - еріксіз кеткен арудың зары.
"Иә, Ақтауда қыз ұзататынмын. Бастығымның айтуы бойынша, біз бірінші рет қыз бен жігітті бөлдік сол күні. Тойдың иесі "мен қызым мен күйеу баламды қалай бөліп жіберемін" деп ренжіді. "Қазақтың салт-дәстүрінде қыз бөлек отырады, жігіт бөлек келеді" деймін. Бірінші рет осылай жасағанда бәрі таңғалды. Оның режиссері менің бастығым болды. Қазақтың қызы сыңсу айтпаған. Қазақтың малға, шалға кетіп бара жатқан қызы ғана сыңсу айтқан. Сыңсуды еріксіз кеткен адам айтқан. Ал мен "Ата-ананың өсиет әні" деген әнді жаздым. Әуенін халықтан алдым. Барлығы - халықтікі. Оны жөндеп, өзіне қайта береміз. Сыңсу - еріксіз кеткен қыздың зары, жоқтауы сияқты", - деді Тамара Асар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек