- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақтың жетім балалары...
Қазақтың жетім балалары шетелге донор ретінде сатылуы мүмкін бе?
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, республикалық трансплантация орталығының басшысы Жақсылық Досқалиев Adal Adam Уоutube-арнасына берген сұхбатында шетел азаматтары қазақ балаларын донор ретінде асырап алуы мүмкін емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасының жүргізушісі, танымал журналист Қымбат Досжан "жетімдер шетелге "тірі донор" ретінде сатылған болуы мүмкін" деген болжам, қаупін жеткізген еді.
"Бәрі қауесет. Мен нақты баланы алған адамдардың Америкадағы үйінде болған адаммын - Нью-Йоркта, Вашингтонда, Канзас Ситиде. Олар Қазақстаннан мүгедек балаларды алған. Оның ішінде "қоян ерін", "қасқыр ауыз", аяқ сүйегінің дұрыс бітпеуі, сал ауруы бар. Сондай балаларды алып, операция жасатқызып, Америкадағы мықты орталықтарда емдетіп, бала етіп асырап отырғанын өз көзіммен көрдім. Баланы асырап алғаннан кейін ол балалардың бәрі есепте тұрады. Ол балалар Америкаға, басқа шет елге барса да, Қазақстан азаматтылығы жойылмайды. 18 жасқа дейін Қазақстан азаматы болады, кәмелет жасқа толғаннан кейін өзі шешеді. Сондықтан асырап алған балаларды донор қылады деген информация менде жоқ. Болуы да мүмкін емес", - деді Досқалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz