Қазақтың домбырасы Ханчжоу төрінде күмбірледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Айдана Сәбитова Ханчжоудағы атлеттер ауылында "Ерке сылқым" күйін орындап, көпшілікті тәнті етті.
Айдана 10 жасынан музыка мектебіне барып, 5 жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. Арманы - спортпен қатар қазақтың ұлттық күй өнерін де насихаттап, әлемге таныту.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!