“Қазақтелекомға“ қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеуді бастады. Бұған интернеттің қымбаттауы себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Агенттік жүргізген талдау аясында байланыс операторларының баға динамикасы зерттелген.

"Қазақтелеком" АҚ әрекеттерінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Мәселен 2024 жылы оператордың жылдамдығы 100 Мбит/сек, 200 Мбит/сек және 500 Мбит/сек болған кезде бағаның өсу қарқыны 20 пайызға дейін жетті", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты қазір агенттік операторға қатысты заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!