- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақтелеком акциялары
“Қазақтелеком“ акцияларының құлдырауына спекулянттар кінәлі деген күдік бар

"Қазақтелеком" 2025 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан қор биржасында (KASE) компанияның артықшылықты акцияларының бағасының құлдырауына қатысты пікір білдірді. Құлдырау нарықтағы спекулятивті мінез-құлықпен байланысты деп түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22 қаңтардағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде "Қазақтелеком" АҚ-ның артықшылықты акциялары бірнеше қазақстандық компаниялардың қатарында құлдырау бойынша көшбасшылардың қатарында болды.
Компания акцияларының құны 33,09 пайызға төмендеп, қағазына 27 500 теңгені құрады. Бағаның күрт төмендеуі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:44 шамасында басталды. Салыстыру үшін, алдыңғы күні, 21 қаңтарда, компанияның бір артықшылықты акциясы 41 100 теңге тұрған еді. 23 қаңтарда акцияның бағасы қайтадан 40 499 теңгеге дейін қалпына келді.
"Қазақтелеком" компаниясы 22 қаңтардағы акция бағасының төмендеуін төмен өтімділікпен және нарықтағы инвесторлардың мінез-құлқымен түсіндірді. Компанияның мәліметінше, 33 пайызға күрт құлдырау, яғни 27 500 теңгеге дейін төмендеу, 2,2 миллион теңгеге 75 қағаз сату кезінде сатып алу котировкаларының ақылға қонымды диапазонының болмауына байланысты болды.
Компания өкілдерінің айтуынша, акциялардың бағасының төмендеуі - ең алдымен олардың дивидендтерден күтілетін табысқа тәуелділігі, өтімділіктің төмендігі және спекулятивті мінез-құлықпен байланысты.
Айта кетейік, бұған дейін Қатардың халықаралық конгломераты Power International Holding (PIH) "Қазақтелеком" АҚ-дан "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ның (Tele2 және Altel кіретін) 100 пайыздық үлесін сатып алуын аяқтаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет