- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақтарға шетелде білім...
"Қазақтарға шетелде білім алуға мүмкіндік көп". "Болашақ" бағдарламасының түлегі шетелдегі оқу жүйесі туралы айтты
Шетелде білім алып, тәжірибе жинап жүрген жастар көп. Солардың бірі - Оңтүстік Флорида Университетінің Cell and Molecular Biology бағыты бойынша докторантурада білім алып жатқан Сайдибурханиддин Адиханов. Қазіргі уақытта оқу орнында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтін ментормен шетелде білім алу , Америка Құрама Штаттарындағы ерекшеліктер туралы Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.
"7 университеттен шақырту алдым"
Сайдибурханиддин Адиханов Америка Құрама Штаттарындағы Флорида штатында Оңтүстік Флорида университетінде жасушалық және молекулярлық биология мамандығы бойынша PhD докторантурада оқиды. Сондай-ақ, университетте ғылыми зерттеуші қызметін атқарады. Магистратура бойынша шетелдік 7 университеттен, докторантура бойынша 4 университеттен шақырту алған.
"Америкада өмір сүріп жатқаныма 1,5 жыл болды. Қазақстанда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде биотехнология мамандығында оқыдым. Оқу барысында педагогика саласына, мұғалімдерге қатты қызығатынмын. Одан бөлек еліміздегі Білім-инновация лицейлерінде қосымша жұмыс атқарып жүрдім. Сөйтіп, "Болашақ" бағдарламасымен Англиядағы Эдинбург университетіне оқуға түстім. Бір жылдан соң карантин басталды да, Қазақстанға келдім. Мұнда Назарбаев университетіне докторантураға грант жеңіп алдым да, ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Кейін АҚШ-қа Дакота штатына барып, жұмысымды ауыстырдым. Өткен жылы бірнеше университетке тапсырып, сұхбаттарға қатысып, көптеген профессорлармен сөйлестім. 2022 жылдың қысында Оңтүстік Дакота университетінен Доктор Уилям Чим деген кісі лабороторияны енді ашып, құрып жатқан еді. Маған шақырту келіп,сол жерде жұмыс істей бастадым. Алғашында тәжірибе алмасушы визамен келдік. Жұмыс істедік, жалпы Америкамен танысуымыз сол уақытта болды. Тани бастағаннан соң басқа университеттерге құжат тапсырдық. Докторантураны басқа штаттан жалғастырсам деген ой сол кезде келді", - деді ол.
Қазіргі таңда Сайдибурханиддин Адиханов докторантурада оқи отырып, шетелге оқуға түскісі келетін студенттерге өзінің тәжірибесімен бөлісіп, көмектеседі.
"Негізі шетелге грантқа оқуға түсу үшін мамандығы, оқыған оқу орны мен мақсатынан бөлек GPA баллы керек. Сондай-ақ, ағылшын тілінің деңгейі қажет. Себебі біз қай уақытқа дейін қажетті балды алып үлгеретінін жоспарлаймыз. Уақыт бойынша жоспарлаған соң ғана біз оқу орындарын нақтылай аламыз. Себебі әр оқу орнының дедлайны әр түрлі.
Жалпы Америкаға докторантураға грант жеңу үшін ғылыми мақала, зерттеу болуы керек немесе магистратура оқып, кейін докторантураға тапсыруға кеңес беремін. Себебі, докторантура - бұл зерттеу. Егер сіз болашақта зерттеумен айналысамын дейтін болсаңыз, онда сіз үшін докторантура қызық болуы мүмкін. 4-5 жыл өміріңізді белгілі бір салаға арнап, зерттеуге дайын болу керек. Ал қысқа уақыт ішінде диплом алып, жаңа нәрсе үйреніп, карьера жалғастырып, тәжірибелерден өткіңіз келсе, онда магистратураға түсуге кеңес беремін", - деді ментор.
"Шәкіртақы мөлшері өмір сүруге жетеді"
Ғылыми қызметкердің айтуынша, мұнда әр университеттің өзінің талабы бар.
@burkhan.adikhanov Сіз үшіг стипендия, ұшу-келу билет, виза, страховка төлейтін гранттар отработка сұрайды. Ал сіз үшін тек скидка беретін scholarship ешқандай талап қоймайды #сша #ақш #жизньвсша #учебазарубежом #ақштаоқу #магистратура #fullbright ♬ оригинальный звук - БУРХАН | УЧЕБА ЗАРУБЕЖОМ
"Шетелде оқу қиын емес, өте қызықты деп айтар едім. Кез келген нәрсе қиын да, оңай да болуы мүмкін. Өзімнің карьерамды жалғастырып, жаңа нәрсе үйренемін дейтіндер үшін қиындыққа төзімді болады. Оқудың қиындығына емес, нәтижеге мән берсе, бәрі де жақсы болатынына сенемін.
Америкаға білім алу үшін тіл білу міндетті. Оқудың бәрі ағылшын тілінде болады. Осы тілді жетік меңгеру өте пайдалы. Әр университеттің өзінің талабы бар. Гуманитарлық бағыт болса, тілдік талап жоғары болады. Ал инженерлік бағыт болса, тілге қатты мән берілмеуі мүмкін. Бірақ тілді неғұрлым жетік білсеңіз, адамдармен қарым-қатынас құру жеңіл болады", - деді ол.
Сондай-ақ, ментор стипендия құны өмір сүруге жететінін айтты.
"Америкаға оқуға келген студенттерге кампустан жатақхана беріледі. Бірақ ол тез толып кетеді. Орын алу үшін ерте келу керек. Сондай-ақ, кампустағы жатақханалар қымбат болады. Сол үшін мұнда келгендер университет жанынан үй жалдап тұрады.
Оқуға отбасымен келуге болады. Шәкіртақының құны әртүрлі, штатқа байланысты болады. "Болашақ" бағдарламасымен түсетін грантының шәкіртақысы 1700-2300 доллар аралығында болады. Шағын қалаларда бұл ақша толық өмір сүруге жетеді", - деді Сайдибурханиддин Адиханов.
"Дәрігерлер ең көп табыс табады"
Ментордың айтуынша, америкалықтар көбінесе медицина саласын таңдайды. Себебі бұл мамандықтың оқу ақысы қымбат, әрі жақсы жағдай жасалған.
@burkhan.adikhanov Жоқ, бұл квартирам емес. Квартирам 1-этажда, бұл admission, яғни тұрғындарға ортақ жер #сша #ақш #жизньвсша #рек #болашақбағдарламасы ♬ Дыкн Дыкн (домбыра) - Хан Досаев
"Осында оқып жатқан студенттерден әркез "мұндағы білім беру ерекшелігі қандай?" деп сұраймын. Көпшілігі жүйенің практикаға қарай бағыт алғанын айтады. Яғни, кез келген университет түлегінің индустрияға шығуға 80 пайыз дайынмын деген сенімі болады. Практикалық білімі бар, кез келген кейстарды талқылағані өз сферасында дайын маман болып шығады. Осы негізгі ерекшелігі деп ойлаймын. Мұнда студенттер әлемді өзгертетініне сенеді. Атақ-даңқ үшін емес, адамзатқа өзгеріс енгізу үшін оқиды. Шетелде оқыған студент кеңірек ойлайды.
Америка университеттері дүниежүзіндегі оқу орындарына қарағанда оқуға көп ақша құртады. Ең қымбат оқу - Америка Құрама Штаттарында деп айтар едім. Сол үшін сапасы да басқаша. Мұнда студенттер бірінші орында медицинаны көп таңдайды. Себебі бұл мамандықтың оқу өте қымбат. Сондай-ақ, ең көп табыс таба алады. Яғни, дәрігерлерді қатты бағалайды, жалақысы жоғары. Одан бөлек химия, мұнай-газ, бизнес мамандықтарын таңдайды", - деді Сайдибурханиддин Адиханов.
"Үйі жоқ азаматтарға көмектесетін орталық көп"
Ол Америкада адамның өмір сүруі үшін көптеген мүмкіндік бар екенін айтты.
"Америкадағы әр штаттың өзінің ерекшелігі бар. Тіпті, климаты, адамдары, өмір сүру стиліне шейін бөлек десек болады. Біздің алғаш рет Орталық Америкаға барғанымыз дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Орталық Америкадағы Оңтүстік Дакото штаты жергілікті америкалықтардың тұратын штаты. Отбасылық байланыстарға өте қатты мән береді. Басқа штаттарға көшіп кетпейді. Сол штатта оқып, жұмыс істейді. Отбасыларында бала саны көп. Американдықтардың қонақжайлылық қасиетін алғаш барған Оңтүстік Докато штатынан сезіндік. Қазіргі таңда Флорида штатындамыз. Мұнда адам саны көп болғандықтан, көбіне Қазақстаннан немесе басқа шетелден келген жандармен жиі жолығамыз. Біздің ойымыздағы кинодан қалыптасқан белгілі бір стереотип кейбір штаттарда ақиқатқа жанаспайды. Өте қарапайым отбасылар өте көп.
Штаттарда жағдайы жоқ, үйі жоқ азаматтарға көмектесетін орталықтар өте көп. Біз бірде сондай орталыққа бардық. Орталыққа келген әрбір адам анкета толтырып, сол штаттың тұрғыны екенін көрсетеді де, аптасына он затқа дейін тегін алып кетсе болады. Егер кірісін көрсетіп, белгілі бір сомадан төмен болса, қосымша бес зат алып кетуге болады. Оның ішіне сыр, ет секілді тағамдар да кіреді. Сондай-ақ, тамақ беретін, киімдерді тегін немесе арзан бағада беретін орталықтар бар. Мүмкіндіктер өте көп. Соны іздеп жүріп, тауып алу керек", - деді Сайдибурханиддин.
"Мектепте бала не оқитынын өзі таңдайды"
Сайдибурханиддин көшіп келу кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын айтты.
@burkhan.adikhanov Америкада оқу, білім алу, тәжірибе жинау - өте үлкен мүмкіндік #болашақбағдарламасы #англиядаоқу #учебаванглии #америкадаоқу #учебазарубежом #америка #фастфуд ♬ оригинальный звук - БУРХАН | УЧЕБА ЗАРУБЕЖОМ
"Алғаш Англияға көшкенде бізде бейімделу кезеңі болды. Тілдік барьерді біз үлкен қызымызбен бірге жеңдік. Ағылшын тілін алты айдан соң үйренді. Сол себепті біздің Америкаға Құрама Штаттарына көшіп келуіміз оңайырақ болды. Бірден тез үйренісіп кетті. Ал кішкентайымыздың тілі енді шыға бастаған соң, оған аса қиын болмады. Керісінше келіншегіміз екеумізге біраз уақыт үйренуге тура келді. Себебі Англияға қарағанда Американың жүйесі бөлек. Кез келген жерге машинамен бару керек, аралары алыс орналасқан. Жаяу жүретін Нью-Йорктың өзі жаяу жүріп өтіп кететін жер емес, өте үлкен. Құжат тапсырып, медициналық жүйесі, өмірлік стандарттары, ақшаны қалай қолдану керек деген секілді қарапайым нәрселерді үйренгенше алты ай уақыт кетті", - деді ғылыми қызметкер.
Оның айтуынша, балабақша мен мектептерінде де ерекшелік бар.
"Үш балам бар. Үлкен қызым мектепте оқиды, ұлым балабақшаға барады. Ал кішісі анасымен бірге үйде. Біз ұлымызға балабақша таңдаған кезде, жақсы мұғалім іздедік. Себебі балабақшалардың жағдайы өте жақсы. Оңтүстік Дакотада да бала саны аз болатын. 6 балаға бір тәрбиеші қарайды. Одан артық адам алмайды. Тағы бір шарты бала саны көп болса, штат ойыншықтармен, ойын алаңдарымен қамтамасыз етеді. Штаттан штатқа қарайтын болса, балабақша тегін болады.
Ал мектепте бастауыш сыныпта сынып жүйесі сақталғанымен, орта мектептерде сынып деген жоқ. Әр баланың өз жоспары болады. Өзі мұғалім таңдап, жоғары сынып оқушысымен бірге бір пәнге қатысуына болады. Біздің елде оқушыларға 10-12 пән түрі оқытылады. Мұнда бір аптада бала алты пән ғана оқиды. Бір апта бойы сабақ кестесі бірдей болады. Мысалы, осы апта дүйсенбіден жұмаға дейін орыс тілі, ағылшын, тарих, биологияны ғана оқиды. Бір сыныпта алгебраны бітірсе, келесі сыныпта бұл пәнді оқымайды. Мұның бәрін бала өзі келешекте кім болатынына байланысты, қабілетіне сай таңдайды. Бала таңдауды үйреніп, өз бағытын қалыптастырады. Ең кереметі осы деп айтар едім. Ал Қазақстанда балалар жоғары сыныпты бітіргенше кім болатынын білмейді. Сабақтан кейін қалып, музыка, теннис, т.б. үйірмелерге қатысуға мүмкіндіктер қарастырылған", - деді ментор.
"Үйден тамақтанамыз"
Оның айтуынша, Америкада еттің құны қымбат.
@burkhan.adikhanov Кембриджде тіл курсын оқып жүргенімде Франция, Жапония, Португалия секілді түрлі мемлекеттерде жұмыс жасағантағылшын тілі пәні мұғалімім: - Дамушы жас мемлекеттерден байқағаным - түсініксіз патриоттық сезімдері болады,- деп еді. ?? Әр азамат, әрине, өз еліне жаны ашып, қолдап-қолпаштап жүру керек. Бірақ білімі мен тәжірибесі өз елінен аспайтын адам қалай әлемдік дәрежеде қолдай алады? Түптің түбінде бір Қазақстан емеспіз ғой планетада тұрып жатқан. Мысалы қазақстандық азамат шетелде оқып, Microsoft компаниясында қызмет атқарып жатса, Google-мен елімізді байланыстырып жатқаны қандай ғажап? Карантинге дейін осындай байланыстар жақсы нәтижелер көрсетті Қарапайым мысал - Google, IOS, Android сынды әлемдік сайт, платформа, қосымшаларда қазақ тілінің пайда болып жатқаны қайдан деп ойлайсыз?… Мұның бәрі әлемдік держава компанияларда жұмыс жасап жатқан азаматтар арқылы құрылған байланыс нәтижесі. Шетелде жүрген әрбір қытай, әрбір қазақ, әрбір орыс өз еліне үлкен мүмкіншіліктер ашады. Нағыз патриот - Қазақстанда диванда жатып, “Мен - қазақпын!” Деп, инстаграм-тиктоктың комментарийіне “Қазақша сөйле!” Деп, бірақ өзі қате-қате жазатын азамат еместігін түсінгендеріңізді қалаймын. Нағыз патриот - ең мықты жерде ең мықты маманнан білім алып, тәжірибе жинап, Қазақстанның туы мен тілін әлемге танытатындай мықты маман болып, әлемнің қай түпкірінде жүрсе де елін қолдайтын азамат. ? Барлық азамат шетелге көшсін, шетелде қалсын демеймін. Дамыған мемлекетте өз саласының мықты маманынан білім алып, өмірде өз орнын табу деген ой. “Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан…” #шетелгекету #уехатьвсша ♬ оригинальный звук - БУРХАН | УЧЕБА ЗАРУБЕЖОМ
"Американың жергілікті тамағы туралы жауап беру қиындау. Бірақ әлемдегі ет көп жейтін мемлекеттердің қатарына осы ел кіреді. Сол үшін де еттің құны өте қымбат. Шығыс асханалары өте көп. Соған қарамастан біз үйден тамақтанамыз.
Ал қауіптілік жағынан АҚШ мемлекет ретінде қауіпсіз болып саналады. Бірақ қауіптілік барлық мемлекетте бар. Сол себепті тұрғын үй іздеген кезде кедей аудандардан пәтер жалдамау керек. Ұрлық, зорлық-зомбылық көп болады. Әртүрлі ұлттың адамдары шоғырланған жерден абай болу керек. Ал америкалықтардың тұратын жеріне жақын тұрса, қауіпсіз саналады. Өйткені иммигранттар көп. Америка бойынша ең қауіпті кампус Чикаго қаласында Чикаго университетінің аумағын айтады", - деді ол
Сайдибурханиддин Адиханов шетелде оқуды жоспарлаған кезде сырды ешкіммен бөліспеу керегін айтты.
"Жалпы шетелде оқуды жоспарлап жүрсеңіз, ешкімге айтпаған дұрыс. Мұндай өзімде де болды. "Болашаққа" тапсырғанымды айналамдағылар білетін. Бәрі келіп, "Болашаққа" ақша бермесең түсе алмайсың, менде таныстар бар" деп айтатын. Сондай кезде өзің де ойланып қаласың. Ең қызығы, сен тапсырған кезде "Болашақтың" нәтижесі кешігіп шығады. Тамызда құжат тапсырдым, нәтиже желтоқсанда шықты. Үш ай уақытта неше түрлі ойлар келді. Сол үшін ойладың ба, орындау керек. Шетелде оқып келгеннен кейін бұл нәрсенің сізге өмірге жақсы әсер ететініне сенімді боласыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балалары қандай мектепте оқитынын айтқаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам ұйықтаған кезде арықтай ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы