- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақтарға қарсы күрескен"....
"Қазақтарға қарсы күрескен". Тарихшы Жалаңтөс баһадүрдің кім болғанын айтты
Жалаңтөс Баһадүр қазақ па, әлде өзек пе? Төртіқара руынан шыққан деген дерек қаншалықты дұрыс? Медиевист-тарихшы Жақсылық Сәбитов батырдың өмірі туарлы тың деректер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Жалаңтөс баһадүр туралы алғашқы деректер қай жылдарға тиесілі?
Жалаңтөс (Ялангтуш)баһадүр тарихи деректерге алғашқы рет 1607 жылы кездеседі. Бұл кезде сыр өңірінде әскери дипломатиялық қарым-қатынастар қызу жүріп жатқан еді. 1598 жылы қазақтар Ташкентті басып алған соң қаланың басшылығында ауыс-түйіс болды. Ташкентке бірнеше лауазымды тұлғалардың көздері түсті. Мәселен, Хақназардың ұрпағы Дінмұхаммед, одан соң Шайбани ұрпағы Келді Мұхаммед, сондай-ақ қарақалпақтар да қаланы өз билігіне алып қалуға тырысып бақты. Бұл жерде қазақ ханы Есім хан мен Аштарханид әулетінде де ұмытпауымыз керек. Олар да қаланың мұрагері атануға әбден лайықпыз деп білді.
1607 жылы Ташкентті екі адам билейтін болды. Яғни ресми билеуші Келді Мұхаммедтің ұлы Шах Сәид, ал қаланың басты бетке ұстар негізгі басшысы Жалаңтөс батыр болды. Бұл қазақ-бұхар арасындағы алғашқы өзара бөліп билеу жайлы келісімі болатын. Бірақ Ташкент үшін талас жалғаса берді. Уақыт өте 1611 жылы Шах Саидтың орнына Есім ханның ұлы билікке келеді. Осыған қарап Жалаңтөс баһадүрдің 20 жылға жуық уақыты Бұхар хандығымен байланысты екенін көреміз. Ол Қазақ хандығына қарсы күрескен. Жалпы, Есім ханмен және Ферғанадағы қазақ ханымен күресті Жалаңтөс баһадүр ұйымдастырған. Біз 1628 жылы Есім хан қайтыс болған соң оның орнына Абылай (еск - Орта жүз ханы Абылай ханның арғы атасы)сұлтан келгісі келді, бірақ Бұхар хандығы мен Жалаңтөс баһадүрдің әскерлері оған жол бермеді. Хан қазасынан кейін қазақ-бұхар соғысы қайта жанданды. Ташкент үшін қазақ хандарының коалициясы Тәуекел ханның ұлы Мұрат сұлтан мен Есім ханның ұлдары күрес жүргізді. Аштархан әулетінің өкілі, Бұхар ханы Иманқұл мен Жалаңтөс батыр оларға қарсы болды.
Сондай-ақ 17 ғасырдың 20-шы жылдары Жалатөс баһадүрдің Иранға қарсы белсенді жорықтар жүргізгенін байқаймыз. Оның иелігінде Бұхар хандығының оңтүстік-шығыс бөлігі болған.
- Батырдың қазақтарға көзқарасы қалай өзгерді? Тарихта кейін Салқам Жәңгірге көмектескені белгілі ғой...
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы арасындағы соғыс 1635 жылдаға дейін болды. Алайда сол кезде Жалаңтөс баһадүрдің қазақтарға қатысты саяси көзқарасы өзгергенін байқаймыз. Өйткені алшындардың көбі Есім ханның тұсында қазақтардың құрамында болған. Мұхамеджан Тынышпаевтың айтуынша, алшындар Орманбет би қайтыс болған соң 1598 жылы хандықтың құрамында кірген. Алайда сол алшындардың арасынан шыққан Жиембет жырау Қазақ хандығында болып, Есім ханға бағынғанын білеміз. Яғни Жалаңтөс пен Жиембетте бір рудан шыққан алыс туыстар.
1640 жылға қарай Жалаңтөс баһадүр Қазақ хандығымен одақтасқан. Орыс деректеріне сүйенсек, қазақ жерінде екі адамның билігі жүргенін жазған. Бірі қазақ ханы Жәңгір болса, екіншісі Жалаңтөс болған. Яғни көшпелілердің бір бөлігі Жалаңтөске тиесілі екені айтылған.
- Орбұлақ шайқасы екіжақты пікір көп. Жалатөс баһадүр қазақ ханына көмекке келіп, бірге жеңіске жетті дейді. Жалпы, оқиға қалай болған?
Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға тек Жалаңтөс батыр емес, одан бөлек 3 әскер көмекке келген. Олар үйсіндер тарапынан, Бұхар ханы Абдулазиздің әскерлері және үшінші Жалаңтөс бастаған алшындар келіп жеткен. Жалаңтөсті қазақтармен көп дүние байланыстырды. Сыр бойында руластары да көп болды. Сондықтан ол бұл шайқаста басқа басқа әскерлерден бұрын жеткен. Жалаңтөс баһадүрді хан тұқымы болмаса да сол кездегі кіші жүз руларының басшысы деуге болады. Кейін Жалаңтөс Бұхар хандығындағы екінші адамға айналған соң қазақ-бұхар қарым-қатынасы одан әрі күшейе түсті. Моғолдар Бұхар хандығына қауіп төндіргенде оларға қазақтар көмекке келетін болды.
- Жалаңтөс баһадүрді қазақ деуге бола ма?
Жалаңтөс баһадүр алшын руынан шыққан. Ал ол рудың ішіндегі Төртқара дейтін көзқарастағы адамдар бар, алайда ол ру кейін пайда болған. Жалпы, кіші жүздің рулары 18 ғасырға дейін алшындар деп аталып келді. Алтын Орда әмірі Алаудың ұрпағы Жалаңтөс баһадүр 20-30 жыл бойы Қазақ хандығына қарсы соғыс жүргізген. Алайда 17 ғасырдың 30-40 жылдары Жалаңтөс батыр Қазақ хандығына жақын адамға айналды. Орыс деректеріне сүйенсек, сол жылдары Жалаңтөс қазақтың кіші жүзін билеген. Батыр өзінің руластары мен туыстарының жақсы өмір сүргенін қалаған. Кейін тіпті моғолдар мен қалмақтармен қарсы күресте қазақтармен одақ құратын болған. Жалаңтөс баһадүр қайтыс болған соң оның туыстары Қазақ хандығында қалып, оның негізгі ірі бөлігін құрады. Шығу тегіне келсек, Жалаңтөс - Бұхар хандығының әмірі, алшын руының батыры, алайда екінші жағынан оның көшпенді екенін ұмытпауымыз керек. Сондай-ақ батырдың өміріне Ислам да қатты әсер еткен. Оны Самарқанға салынған сәулеттерден біле аламыз.
- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Ордабаев