"Қазақтардың санын көбейту керек". Бірақ мемлекет оған дайын ба?

Қазақстанда жыл сайын халық саны көбейіп келе жатыр. 2021 жылы рекордтық көрсеткіш болды: өмірге 446 491 сәби келді. Ол кезде туу коэффициенті 3,32 болды, яғни елде бір әйелге 3 баладан болған. 

Бұл жағымды жаңалық болғанына қарамастан мамандар бала туу деңгейінің көбеюі елдегі ресурстардың тапшылығына әсерін ойлана бастаған. Себебі елдің кейбір аймақтарындағы мектептерде әлі үш ауысымдық оқу бар және мемлекеттік балабақшада орын саны жетіспей жатыр. Жыл сайын халықты сумен, жарықпен және жылумен қамту мәселесі де бар. Tengrinews.kz редакциялары осы мәселеге қатысты сарапшылардың пікірін білді. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейінгі үш жылда Қазақстанда 1,2 миллион бала өмірге келген. Оның ішінде, ең көбі Түркістан облысы, Алматы және Астана қалаларында. 

"1999 жылы ең төмен туу көрсеткіші тіркелді. Бірақ 2000-жылдардан кейін біртіндеп көбею басталды. Жыл сайын 260-270 бала бала өмірге келді. Кейінгі 22 жылда 7 983 044 бала өмірге келген. Яғни балалар бір жылда бірден көбейіп кеткен жоқ. Сәйкесінше, қазір байқап жүрген проблемалар да біртіндеп, жыл сайын пайда болған", - дейді Аяулым Сағынбаева. 

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сарапшының сөзінше, Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау кезінде демографиялық даму секілді маңызды тұс ескерусіз қалады. Маман халық санының өсуі номиналды сипатта қаралатынын, осылайша елде инфрақұрылым жеткіліксіздігі пайда болатынын атап өтті. 

"Тіпті демографиялық өсу екінші ұлттық әлеует саналатын "Қазақстан-2050" стратегиясы да қатты әсер еткен жоқ. Бізде демографиялық дамудың концепциясы жоқ. Соңғы концепция 2011 жылы әсерін жойған. Ал бұл не үшін маңызды? Себебі мемлекеттік жоспарлау демографиялық дамудан басталуы керек. Себебі ол халық өмірінің көптеген салаларына әсер етеді. 

"Мысалы. Қазақстанда бала туу көрсеткіші тек өсіп қана қойған жоқ, төмендеген кездер де болды. 90-жылдары бала туу деңгейі төмендегендіктен 2007-2009 жылдары оқуға түсетін түлектер жетпеді. Ал бұл мұғалім санының қысқаруына немесе жұмыс уақытының азаюына әсер етті, ал бұл олардың материалдық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқты. Қазір 2006-2007 жылдары туған балалардың дәуірінде студенттер саны көбейген. Олардың бәріне сапалы білім мен жұмыс орны қажет болады. Оларға білім бермей, жұмысқа орналаспаса жастар арасында жұмыссыздық көбейеді. Ал ол әлеуметтік шиеленіс тудырады", - дейді Аяулым Сағынбаева.  

Демограф ұлттық және мемлекеттік бағдарламалардан тиісті әсер болмаудың себебі - өңірлік даму есепке алынбай жоспарланады. 

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасында 400-ден аса мектеп салынатыны айтылған. Бірақ ол сан қайдан шықты, қажет ақпараттар қашан және қалай құрастырылды? Себебі өңірлік саралау деген ұғым бар. Балабақша мен мектеп жетіспеуі солтүстік, орталық және шығыс аймақтарға қатты өзекті мәселе емес, себебі ол аймақтарда бала туу деңгейі төменірек және халықтың жас құрылымында егде жастағы адамдар көбірек. Бірақ бұл мәселелер үш ауысымдық мектептері бар батыс, оңтүстік аймақтар мен ірі қалалар үшін өзекті", - дейді маман. 


Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сарапшының айтуынша, мемлекет кімнің және қай жерде тұратыны туралы нақты деректерге ие болғанға дейін, елде әлеуметтік инфрақұрылым мен басқа ресурстардың жетіспеушілігі проблемаларына тап болады.

"Маған қызығы - мемлекет кейінгі үш жылда өмірге келген 1,2 миллион баланы қалай орналастырады? Егер балабақшаға қатысты мәселе мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы әрең шешілсе, мектеп мәселесі қалай шешілмек? Астанада онсыз да 1000 бала нормасы бойынша 2000-2500 бала оқып жатыр. Астанадағы құрылыс мәселесі де бір шақырымға көпқабатты тұрғын үй кешендері келеді. Астанада жақында болған су мәселесінде де атқарушы органдар оған себеп - халық санының өсуі екенін айтты. Бірақ олар егер құрылыс салуға рұқсат берсе оған адам саны да қатысты екенін түсінуі керек", - дейді маман.  

Сарапшы кез келген бастамада болашақта нәтижесін болжай алатындай балама есептер жасалуы керегін атап өтті. 

"Бала тууға қатысты берілетін төлемді көбейту және оны беру мерзімін ұзарту бала тууды ынталандырады. Демек, мұндай өзгерістер болған жағдайда тиісті инфрақұрылым да ескерілуі керек. Жастардың жасын 35-ке ұлғайтуға да қатысты. Бұл шешім қабылданған кезде халықтың көп бөлігін әлеуметтік бағдарламалармен қамтуға деген ниет болды. Бірақ сонымен қатар ресурстар қажет болатын жастар саны да көбейеді. Кез келген бастама, тіпті жақсы бастама болса да оның салдары болады", - дейді маман.  


Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Демограф Аяулым Сағынбаева Қазақстанда бос сөзден арылып, нақты болжамдарға кірісу керегін айтады. 

"Бізде "қазақтардың санын көбейту керек" деген сөздерді жақсы көреді. Халық санының өсуімен адам тағдыры байланысты екенін түсіну керек. Ол жай ғана қағаздағы статистика емес. Ол тірі адамдар, біреудің тағдыры, сол арқылы ел экономикасы қалыптасады. Елдің байлығы - халық деп бекер айтпаған ғой. Біз стратегиялық көзқарасты демографияға байланыстырмайынша, халыққа жүргізіліп жатқан реформалардың әсері болмайды", - дейді сарапшы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!