- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақтарды қалай басқару...
"Қазақтарды қалай басқару керек": желіде дау туғызған кітап сатылымнан алып тасталды
AmalBooks баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің инстаграм-парақшасында "Қазақтарды қалай басқару керек" деген кітапты бүкіл сату нүктесінен алып тастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті қазақ елі, бүгін таңғы 9:00-ден 12:00-ге дейін "Компос" жанармай бекеттеріне барып, өзім жеке сол жерде болдым. Видеоны көріп келген жанашыр ағайындарымыз, бауырларымыз, ағаларымыз бар, әрқайсысымен жеке-жеке осы уақыт аралығында кездесіп, мақсат-мүдделерін түсіндіріп, жеткізіп айттым. Бірақ кітап шығаратын баспагер болған соң біз кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек және ешқашан біз өзімізді халықтан биік қойған жоқпыз. Сонда келушілердің пікірін, кері байланысын тыңдап отырсақ, оларға ұнамағаны мұқаба болып тұр. Бірден кітаптың мазмұнын түсінбей қаласың дейді. "Мына жазылған, сен айтып отырған нәрселер дұрыс та шығар, бірақ мына мұқаба соны ашпайды, сондықтан осындай реакциямыз болып жатыр" деп айтты. Сондықтан біз бүгін бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ", - деді баспагер.
Еске салайық, бұған дейін блогер және продюсер Нұрқожа Ерсайын дүкен сөресінде "Қазақтарды қалай басқару керек" деген кітап сатылып жатқанын айтқан болатын. Бұл желіде дау тудырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова