Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваға қайын інісі, актер Әли тосын сый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Актер актрисаға алғысын білдіріп, сыйлық табыстап, батасын сұрады.
"Жұлдызай әпке бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында сурет салып еді, бүгін алдынан өтіп, рақметімді айтып, батамды алсам ба деп отырмын. Еншімді берді, жұрт секілді көлік сыйлауға болатын еді, бірақ оны маған банк бермей қойды. Алла бұйыртып, жағдайым жетсе, алып беремін. Ал мына сыйлығымды аз да болса, көптей көріңіз. Маған үлкен өмірді үйреткеніңіз үшін алғысым. Кішірігім "рақмет" деп қабылдаңыз", - деді ол видеода.
Ал Жұлдызай Дүйсенбиева тосын сыйға көңілі қатты босағанын жазған.
"Әли бата сұрап келіпті, "қазақта қыз бала бата бермейді" дейді, дегенмен шын ниетіммен сәттілік тіледім! Көңілім қатты босады, бірақ бұл өмір, бірге тумақ болғанымен, бірге жүрмек жоқ деген", - деп жазған ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз