Қазақстанның үстінен ұшып бара жатқан шетелдік ұшақ апат белгісін берген

Қазақстанның үстінен ұшып бара жатқан шетелдік ұшақ апат белгісін берген
Фото: depositphotos.com

SWISS әуе компаниясының Airbus A350 ұшағы Қазақстанның үстінен ұшып бара жатқанда апат сигналын берген. Flightradar24 сервисінің мәліметінше, борт Балқаш маңында болып, кейін Алматыға бағытталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл - Сеулден Цюрихке бет алған рейс. Ұшуларды бақылау сервисі мәліметінше, ұшақ Squawk 7700 кодын берген. Бұл - экипаждар борттағы штаттан тыс жағдайды білдіру үшін қолданатын халықаралық апат сигналы. Мұндай код нақты бір мәселені көрсетпегенімен, диспетчерлерге ұшаққа басымдық беріп, сүйемелдеу қажет екенін хабарлайды.

Flightradar24

Құзырлы органдар әзірге жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

Swiss International Air Lines - Швейцарияның ең ірі әуе компаниясы. Компания Еуропа елдеріне, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға, Африка мен Азияға тұрақты рейстер орындайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget