Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды

Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.

Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

Айта кету керек, 9 және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.

Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді.

2023-2024 оқу жылының аяқталуында "Білімім - Отаныма" бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді. Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина