Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: depositphotos.com

16 қаңтар сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығы салдарынан 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 779 бірлік техника және 1432 жолшы жұмылдырылды.

Жамбыл облысында – 1 учаске:

  • "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238-шақырым, Кенен а.- Қайнар а. – 79-шақырым. 

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • "Самара-Шымкент" 266-393 км, Подстепное а.-Жымпиты а. -127-шақырым. 

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" 62-228 км, Возвышенка а. –Рощинское а. – 166-шақырым.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан