Қазақстанның үш қаласында тонап-қанаумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қазақстанның үш қаласында тонап-қанаумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды. Бес күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар қылмыстық-діни тұлғалар және басқа өңірдің тұрғындары екені белгілі болды.

"Бір мезгілде Екібастұз қаласында және Павлодардың өзінде павлодарлық әріптестермен бірге төрт адамды ұстадық. Бесінші сыбайласы елордада ұсталды. Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Негмет Исмағұлов.

Қаңтар айының басында Қарасу ауылында медициналық маска таққан бейтаныс тұлғалар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, оған дене жарақаттарын салды. Одан жалпы сомасы 650 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын тартып алған.

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан