Қазақстанның үш елдегі елшілері тағайындалды

Қазақстанның үш елдегі елшілері тағайындалды
Фото: Даниал Окасов

Қазақстанның Испания Корольдігіндегі, Оңтүстік Африка Республикасындағы және Норвегия Корольдігіндегі елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Данат Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина