Еске салсақ, «Жiбек жолы» құрғақ жүк кемесінің Шлиссельбург қ. Нева кеме жасау/кеме жөндеу зауытында 12 шілдеде суға түсірілгеннен кейін арқандап байлау сынақтарынан сәтті өтті және ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Ақтау тіркеу портына келді.
«Ағымдағы жылғы 6 қазанда «Атамекен» құрғақ жүк кемесі суға түсірілді, Ақтау портына келуі ағымдағы жылғы қарашада жоспарлануда», - деп хабарлайды ҚР ИДМ.
Министрлік соңғы кезде құрғақ жүктерінің теңіз тасымалының айтарлықтай жандандыруын ескере отырып, осы оқиғаның Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін арттырудағы және ұлттық құрғақ жүк флотын дамытудағы маңызын атап өтті.