Қазақстанның ұлттық жүк флоты «Атамекен» құрғақ жүк кемесімен толықты

Қазақстанның ұлттық жүк флоты «Атамекен» құрғақ жүк кемесімен толықты
Фото: primeminister.kz

Ағымдағы жылда ұлттық флот әрқайсысының дедвейті 7 мың тонна болатын «Жібек жолы» және «Атамекен» атты жаңа екі құрғақ жүк кемелерімен толықты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Еске салсақ, «Жiбек жолы» құрғақ жүк кемесінің Шлиссельбург қ. Нева кеме жасау/кеме жөндеу зауытында 12 шілдеде суға түсірілгеннен кейін арқандап байлау сынақтарынан сәтті өтті және ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Ақтау тіркеу портына келді.

«Ағымдағы жылғы 6 қазанда «Атамекен» құрғақ жүк кемесі суға түсірілді, Ақтау портына келуі ағымдағы жылғы қарашада жоспарлануда», - деп хабарлайды ҚР ИДМ.

Министрлік соңғы кезде құрғақ жүктерінің теңіз тасымалының айтарлықтай жандандыруын ескере отырып, осы оқиғаның Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін арттырудағы және ұлттық құрғақ жүк флотын дамытудағы маңызын атап өтті.

T. Кіршібаев