Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Барлыбаев туралы не белгілі?
Төлежан Барлыбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін (Мәскеу) бітірген. Әр жылдары Президент әкімшілігінде, бірқатар елшілікте жұмыс істеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова