Қазақстанның Туын "шөберекке" теңеген тиктокерге үкім шықты

Түркістан облысында Қазақстан туын "тряпкаға" теңеген тиктокер сотталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс материалдарынан айыпталушы осы жылы сәуір айында телефонының камерасына Сауран ауданы Ибаата ауылындағы орталық көшедегі Туды түсіріп алғаны белгілі болды. 

"Ол сол күні TikTok-тағы жеке парақшасына видеоны жариялап, "Жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн" деп жазған", - делінген сот хабарламасында. 

Адамдар жаппай наразылық білдіре бастаған соң аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған. Осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы ("Мемлекеттік рәміздерді қорлау") бойынша айып тағылды.

Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді. 

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!