Қазақстанның Туы Афинаның ең биік нүктесіне қойылды

Қазақстанның Туы Афинаның ең биік нүктесіне қойылды
Фото: видеодан алынған кадр

Республика күніне орай Қазақстан туы Афинадағы ең биік Ликавитос тауына орнатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Гректер үшін Ежелгі және қасиетті жерде Қазақстан туының көтерілуі екі ел арасындағы достықты білдіреді.

Шараны Қазақстан-Грек іскерлік кеңесі бірлесіп ұйымдастырған.

Ведомствоның хабарлауынша, қос ел арасындағы сауда, инвестиция және мәдени ынтымақтастық одан әрі ілгерілей түседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан