Moody’s агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Baa3» деңгейіндегі ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады.
Moody’s investors serviceхалықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес банкі) елдің тәуелсіз рейтингі деңгейіндегі «Baa3» ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қазіргі рейтингі оның тұрақтылығын, басқару қызметінің және бизнес-стартегиясының тиімділігін, клиенттердің оған деген сенімін, салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін орындаудағы сенімділігін көрсетеді, - деп нақтылады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда, ҚТҚЖБ ипотекалық кредит нарығында көшбастап тұр. 2016 жылғы соңғы 9 ай нәтижесінен оның еліміздегі барлық ипотекалық заемның 64%-ын бергенін көруге болады. Сонымен қатар, банк ең жоғары сапалы кредиттік қоржынға ие, проблемалық заемдардың үлесі 0,44% құрайды. Яғни, мерзімі өткен қарыздардың мұндай төменгі көрсеткіші заемшылардың төлем тәртібін уақтылы жүргізетіндігін білдіреді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қазір 730 мың депозит ашылған. Ағымдағы жылдың соңғы 9 айының өзінде ҚТҚЖБ жүйесіне 187 мың жаңа қатысушы енгізілді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.