Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі журналистерге Президенттің атынан пәтер табысталды

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі журналистерге Президенттің атынан пәтер табысталды
Фото: Dara президенттік бастамалар қоры

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан отандық медиа саласының өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты рәсім Dara президенттік бастамалар қорының қатысуымен өтті. Биыл бұқаралық ақпарат құралы саласындағы 66 қызметкер баспаналы болды.

Биылғы жобаның басты ерекшелігі сол - Қазақстанның барлық өңірі қамтылды. Алғаш рет жаңа пәтерлердің кілті Астана мен Алматыдағы БАҚ өкілдеріне ғана емес, өңірлік редакциялардың қызметкерлеріне де табысталды. Жаңа қоныс иелерінің қатарында Қостанай облысының Арқалық қаласы, Түркістан облысының Созақ ауданы және еліміздің өзге өңірлеріндегі редакциялардың өкілдері бар. Бұл - өңірлік журналистиканы қолдау бағытындағы маңызды қадам.

 

Президенттің атынан барлығы 66 пәтер табысталды. Оның 15-і Астанада, 15-і Алматыда, тағы 36-сы өңірлерде. Пәтер иелерінің тізімі Dara президенттік бастамалар қоры, Президент Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен бірлесіп жасақталды.

Суреттер: Dara президенттік бастамалар қоры

Медиа саласы өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасы төртінші жыл қатарынан жүзеге асып келеді. Бұған дейінгі үш жыл ішінде Президенттің атынан қазақстандық 200 журналистке баспана берілген еді.

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget