Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жариялады.
27-29 наурыз аралығында Қарағанды облысында (Шет, Ақтоғай аудандары) ауа райының жылынуына байланысты қардың еруі, еріген судың ұлғаюы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтіледі. Осыған байланысты өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуі және тасуы мүмкін.
Температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашын болжамына байланысты 27-29 наурыз аралығында Ақтөбе облысында (Қобда, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алғын және Ақтөбе аудандары) және басым бөлігінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында су деңгейінің көтерілуіне байланысты еру, еріген ағын және өзендерде мұздың әлсіреуі күтіледі. Су деңгейінің асуы және су тасқыны болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!