Қазақстанның төрт облысында республикалық маңызы бар жеті жол жабылды

2024 жылғы 31 қаңтар сағат 00:10-дағы ахуал бойынша қолайсыз ауа райына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысында - 3 учаске:

  • "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143-шақырым, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 шақырым;
  • "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254-шақырым, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 шақырым; 
  • "Алматы-Өскемен" 25-124-шақырым, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 шақырым.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (қар, ауа температурасының төмендеуі). 

Жамбыл облысында - 2 учаске:

  • "Алматы-Ташкент-Термез" 143-238-шақырым, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 шақырым.
  • "Алматы-Ташкент-Термез" 159-212-шақырым, Кенен а.-Қордай а. - 53 шақырым.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты). 

Қызылорда облысында - 1 учаске:

  • "Самара-Шымкент" 1802-2055-шақырым, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 шақырым.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).

Түркістан облысында - 1 учаске:

  • "Самара-Шымкент" 2055-2082-шақырым, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 шақырым.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!