- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның төрт облысында...
Қазақстанның төрт облысында республикалық маңызы бар жеті жол жабылды
2024 жылғы 31 қаңтар сағат 00:10-дағы ахуал бойынша қолайсыз ауа райына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысында - 3 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143-шақырым, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 шақырым;
- "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254-шақырым, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 шақырым;
- "Алматы-Өскемен" 25-124-шақырым, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 шақырым.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (қар, ауа температурасының төмендеуі).
Жамбыл облысында - 2 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 143-238-шақырым, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 шақырым.
- "Алматы-Ташкент-Термез" 159-212-шақырым, Кенен а.-Қордай а. - 53 шақырым.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
Қызылорда облысында - 1 учаске:
- "Самара-Шымкент" 1802-2055-шақырым, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).
Түркістан облысында - 1 учаске:
- "Самара-Шымкент" 2055-2082-шақырым, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан