Жетісу облысы бойынша тағы бір жолда көлік қозғалысы ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"16 желтоқсанда сағат 14:00-де Жетісу облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: Үшарал-Достық автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма станциясынан Достық ауылына дейін)", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылған болатын:
- Жамбыл облысы Алматы-Ташкент-Термез автожолының 534-593 шақырым аралығында учаске (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін);
- Алматы-Ташкент-Термез автожолының 159-238 шақырым аралығында, Кенен ауылы - Кайнар ауылы.
- Түркістан облысы Алматы-Ташкент-Термез автожолының 593-674 шақырым аралығында учаске (Жамбыл облысының шекарасынан Шымкент қаласына дейін);
- Алматы облысы Алматы-Өскемен автожолының 77-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін);
- Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 136-254 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Жетісу облысы шекарасына дейін);
- Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас автожолының 136-172 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін);
- Көкпек-Кеген-Тюп автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін)
- Жетісу облысы Алматы-Өскемен автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскеде (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін);
- Алматы-Өскемен автожолының 124-276 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін);
- Алматы-Өскемен автожолының 45-68 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан - Көктал ауылына дейін Алтын Емел асуы);
- Алматы-Өскемен автожолының 480-615 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Абай облысы шекарасына дейін).
- Абай облысы Алматы-Өскемен автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасынан - Қалбатау ауылына дейін).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз