Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сабуровқа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан оның ұсталғаны туралы ақпарат түспеген.

"ҚР азаматы Нұрлан Сабуров немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі ҚР елшілігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Оны ұстау туралы ақпарат Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан да түскен жоқ", - деп жазылған жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады.

Мәліметке сүйенсек, бұл шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған. Әзірге Ресейдің ресми мекемелері де, әзілкештің өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға пікір білдірмеді.

Сонымен қатар, оның енді Алматыға келетіні айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!