ҚТЖ компаниясы Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жол учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу енгізілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Барлық көлік түрлеріне арналған шектеулер 1 қаңтар күні сағат 15:00-де республикалық маңызы бар "Екатеринбург - Алматы" автожолының 729-768 шақырымында, Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейінгі аралықта енгізілді. "Жолды ашудың шамамен уақыты - 2025 жылдың 2 қаңтары, сағат 09:00", - деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз