Қазақстанның шығысында жер сілкінісі болды

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі болды
Фото: Google Карта

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулері сейсмикалық станцияларда 27 мамыр күні сағат 11.12-де тіркелген. 

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 986 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы-9,6. MPV магнитудасы 4,4", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина