Қазақстанның шығысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ТЖМ "Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Сейсмикалық оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған", – делінген ТЖМ хабарламасында.


Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 5,2 болған жер сілкінісі Өскеменнен оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде тіркелген.

 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз