Қазақстанның Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатеринаға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", – деді ІІМ өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп, видео жариялаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!