Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" cиноптиктері Қазақстанның сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында күндіз қалың қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың көптеген бөлігінде күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. 

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

6 ақпанда кешке, 7 ақпанда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсерлі жаңбыр, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Шымкентте 6 ақпанда кешке, 7 ақпанда түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!