Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беруді уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі дипломатиялық өкілдік сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды", - деп жазылған хабарламада.

ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланатыны айтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз