Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұдан былай азаматтықтан шығу туралы құжаттарды пошта арқылы қабылдамайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап азаматтықтан шығу бойынша құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтататынын мәлімдеді.
Дипломатиялық өкілдік мәліметінше, бұл уақытша шара болған, ол коронавирус пандемиясы кезінде енгізілген, алайда енді құжаттарды тапсыру үшін тек жеке қабылдау қарастырылған.
"Құжаттарды қабылдау үшін тек жеке жүгіну қажет. Сонымен қатар, жазылу үшін орындар саны көбейтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстан елшілігінің консулдық бөліміне қабылдауға жазылу үшін мына сілтеме ұсынылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова